Ресей-Украина. Соғыстың жетінші күні қалай өтті?
МИНСК. 2 наурыз. Ресейдің Украинаға бастаған басқыншылық шабуылының жетінші күні әдеттегідей кескілескен шайқас үстінде басталды. Бұл туралы белорустың «БелСат» порталы хронологиялық шолу жасады.
Ресейдің Украинаға бастаған басқыншылық шабуылының жетінші күнінде бүкіл әлем агрессор-мемлекеттен теріс айналып кетті.
Хронология
09:48
Литваның астанасы – Вильнюс қаласыың мэрі Реминиюс Шимашюс Ресейдің Литвадаға елшілігі алдына «Путин, сені Гаага күтіп тұр деген баннер іліп қойды.
«Біздің қала өнерді, соның ішінде бейбітшілікті жырлайтын өнерді қатты құрметтейді, – деді 48 жастағы мэр. – Бейбітшіліктің сәлемі сол: әскери қылмыскерлер Гаагадағы қызмыстық істер сотының алдында тұруы тиіс».
10:03
Ресей армиясы Харьков қаласының тұрғын үйлер ауданын ракетамен түні бойы толассыз атқылады. «Осы қырғында 21 адам қаза тауып, 112 адам жарақат алды». – деді облыс губернаторы Олег Синегубов.
Таңертең жаудың атқылауы салдарынан облыстық ішкі істер департаментінің, сондай-ақ тұрғын үйлер отқа оранды.
10:16
Ранее компания «Nord Stream 2 AG», оператор «Северного потока-2», объявила о банкротстве.
Француздың Engie газ компаниясы Ресейдің «Солтүстік тасқын-2» газ құбырының құрылтайшылары қатарынан шықты. Бұдан бұрын ресейлік құбырдың тағы бір құрылтайшысы «Nord Stream 2 AG» компаниясы банрот болып жарияланған еді.
10:23
Бүгін соғыстың жетінші күнінің таңертеңінде президент Владимир Зеленский Украина халқына тағы бір үндеу арнады.
«Қазіргі украиндар – қайсарлықтың символы. Бұл – олардың келген елде, кез келген сәтте жер бетіндегі ең үздік адамдар болып кете алатындарының белгісі. Украина жасасын!» деді ол соңында.
10:39
Наурыздың 2-сі күнгі мағлұматқа сай, Ресей тарапы 5800 солдатынан айырылды.
10:51
Беларусьтің баламалы президенті Светлана Тихановскаяның баспасөз хатшысы «Украина-4» телеарнасының эфирінде Мозырдегі барлық мәйітханада жау жауынгерлерінің денелері толып тұрғанын айтты.
«Біз Мозырдың аузы-мұрнынан шығып тұрғанын білеміз. Және бұлардың бәрі этникалық жағынан шешендер болып шықты. Біз басқыншылардың мұнда мәйіттерді ұзақ уақыт ұстағылары келетінін білетінімізді айттық. Олар «200 жүкті» Шешенстанға жіберуден қорқып отыр», – деді ол.
11:05
Николаевта әуе дабылы қағылды: Севастопольден келе жатқан ұшақтар қала ауғынан көп асқан жоқ. Ұшақтардан десанттар түсіп жатқаны аңғарылды, деді Николаев әскери әкімшілік басшысы Виталий Ким.
11:20
Түн Киевта тыныш өтті. Таңертеңнен дүкендер мен дәріханалар ашылды. Көлік пен гуманитарлық көмектің жұмыс істеп тұрғаны айтылды.
11:24
Әлемнің 37 елінің Ресей үшін әуе кеңістігін жапқаны мәлім болды.
11:42
Украинаға жауынгерлік кезекшіліктерін атқару үшін жаңа «Байрақтар» ұшақтары жеткізілді, деді қорғаныс министрі Алексей Резников.
11:53
Николаевқа ресейлік десанттар түсірілді, деп хабарлады Виталий Ким.
«Нысанды дәл ату керек», деді ол.
12:05
Одессаның маңында жүрген Ресей корабльдері көзге түсіп қалды.
12:11
Луганск облысындағы Старобельскіде адамдар қолдарына Украина туларын алып шығып, Ресейдің танк колоннасы алдынан бөгедіәкімшілік .
12:16
Ресей жауынгерлері Запорожье облысының атом-электр станциясы салынған Энергодар қаласына келді.
12:23
Украинадағы бүгінгі күннің ұрыс қимылдары картасы
12:55
Янукович Минскіге келді, Кремль оны «Украинаның президенті» ету үшін осында алдырды.
13:01
Лисичанск қаласындағы мұнараға оқ жаудырылды (Луганск облысы).
13:05
Түнде жаудың ракетамен атқылауы астында қалған Харьковтегі әкімшілік ғимаратынжда апатты-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Үйіндінің астынан 10 адам шығарып алынды. Тағы 4 адамның қаза тауып, 9 адамның жарақат алғандары айтылды.
13:10
«Рейтингтің» кезекті сауалдама қорытындысы жарияланды. Онда украиналықтардың 86 пайызы Украинаның Еуропа одағына қосылуын қолдады, 76 пайызы НАТО-ға кіргенін қалайтындарын білдірді.
Украинаның Ресей шабуылдарын қайтара алатынына сұралғандардың 88 пайызы бұған сенетіндерін танытты.
13:21
Вознесенскіге жақын жерде, оның солтүстігінде ұрыс басталды. Мұнда атом электр станциясы бар.