Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

БАҚ: Қазақстан Украинамен соғысқа қатысудан бас тартты

АСТАНА. 26 ақпан. Қазақстан Путиннің Украинамен соғысқа қатысу жөніндегі өтінішін орындаудан бас тартты. Бұл туралы NBC телеарнасы хабарлады.

Американың аталмыш телеарнасы Қазақстанның Украинадағы соғысқа әскер жібермейтінін ашып айтқанын жеткізді. Арна мәнбелері сондай-ақ Қазақстанның ДХР және ЛХР деген сепаратистік құрылымдарды мойындаудан да бас тартып отырғанын мәлімдеді.

Ресейдің көп жылғы дәстүрлі одақтасының осындай таңғаларлық мінез көрсетуі Құрама Штаттар тарапынан бірден қолдау тапты.

«Біз Қазақстанның ЛХР мен ДХР-ды мойындамайтыны турасындағы мәлімдемесіне қолдау білдіреміз, – делінген АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің осыған орай жасаған мәлімдемесінде. – Біз сондай-ақ Қазақстанның Украинада Путин жүргізіп жатқан соғысқа өз күштерін жіберуден бас тартқанын да қолдаймыз».

Ал осы аралықта Киевтің көшелерінде кескілескен ұрыстар жүріп жатыр.

Украина президенті Володимир Зеленский жұрттың бәрі осы соғысты тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасаулары керек екенін атап өтті.

УНИАН тілшісі президенттің бұл сөзді өзінің бүгін Telegram-арнада жарияланған үндеуінде айтқанын жеткізді.

«Жұрттың бәрі бұл соғысты тоқтату үшін қолынан келетін нәрсенің бәрін жасауы керек. Агрессияның әрбір күні қалыпты өмір сүру дағдысын бұзып жатыр. Ол тек Украинада ғана емес, сонымен қатар Ресейде, сондай-ақ Еуропада, әлемде солай болып отыр. Еуропалықтар дәл қасында жан алып, жан беріскен текетірес болып жатқанда өмір сүрудің қандай болатынын әлі білмейді», – деді Зеленский.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button