Украинаға Польша көмегінің бірінші партиясы келіп жетті
ВАРШАВА. 26 ақпан. Польшаның қару-жарақ тиеген колоннасы Украинаға келіп жетті. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.
Украина Қорғаныс министрлігінің бас штабы мұны растады.
«Польша Республикасының Қорғаныс министрі Мариуш Блащак: Біз қару-жарақ тиелген колоннамызды жібердік, олар біздің көршілерімізге барып жетті деді»,. – дегенді айтты поляк бас штабы.
Бұдан алдын фейсбукте Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович өзінің сөзінде Варшаваның Киевке бірінші пакетте 60-мм минометтер (100 дана) мен оларға кереті оқ-дәрілерді (1500 дана, БПЛА (8 кешен), 152-мм кумулятивті оқ-дәрілерді, автоматтар оқтары мен шлемдер жібергенін айтқан болатын.
Қазірге дейін Украинадан 47 мыңнан аса адам Польша шекарасын кесіп өтті. Оларды поляк жерінде екі пункт қабылдап алып жатыр.
Босқындарды қабылдайтын мұндай пункттер Чехияда да ашылды.
АҚШ пен Финляндия Украинаға ақшалай көмек көрсеткелі отыр.