Құқық

Тәрбиеші балабақшадан бала ұрлап, қолға түсті

Алматы қаласындағы балалар бақшалары бірінің тәрбиешісі өзінің тәрбиесіндегі бүлдіршіндердің бірін ұрлауға әрекет етіп жатқанда қамауға алынған. Бұл туралы Tengrinews.kz қалалық сот баспасөз қызметіне сүйеніп хабарлады.

Алматы қалалық арнайы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты балалар бақшасынан бүлдіршінді ұрлап әкету әрекетін жасаған тәрбиешіге қатысты санкция шығарып, оны бірнеше ьап бойынша айыптап, 2 ай құлып астында отыруға шешіметті.

Әйел 16 шілде күні 5 жасар баланы ұрлап әкетпек болған. Өзін былайғы жұрт танымас үшін ол үлкен шляпа мен көзілдірік киіп алған. Алайда, оның баланы алып кетуіне кедергі жасалып, жолына тосқауыл қойылды.

Алматы полициясы аталмыш әйелдің ұсталғаны жөнінде 25 шілдеде хабарлама жасады. Күдікті сол балалар бақшасының тәрбиешісі болып шықты. Әйел бәрін өзі мойындады. Ол өзінің бұл қадамға баланың әке-шешесінен ақшалай төлем талап ету үшін барғанын жеткізді.

Күдікті әйел 2018 жылы Алматы қаласындағы Медеу ауданының «Ең үздік тәрбиешісі» атанған екен.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button