Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика
Германия «Солтүстік тасқын-2» құбырын толық тоқтатады
БЕРЛИН. 23 ақпан. Путиннің Украинаға қатысты әрекеттеріне қарай Германия «Солтүстік тасқын-2» газ құбырын толық тоқтату ықтималдылығы барынша артып отыр. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Германия экономика министрі әрі вице-канцлері Роберт Хабек ARD телеарнасы эфирінде аталмыш газ құбырын толық тоқтату жөнінде мәселе көтеріліп жатқанын қозғады.
«Мұның болуы әбден мүмкін. Бүгінгі шара америкалықтардың тар және қатаң санкциялық ұғымына сәйкес келмейді… Бұдан кейін тағы біраз нәрсе жасалуы мүмкін. Біз еуропалық және америкалық әріптестерімізбен үйлесе отырып, атқаратын боламыз», – деді ол.