Ресей Украинаға қарсы басқыншылық шабуылын бастады
МӘСКЕУ. 24 ақпан. Бүгін Ресей Қарулы күштері Украинаға қарсы басқыншылық ұрыс қимылдарын бастап кетті. Бұл туралы DW хабарлады.
Ресей президенті Владимир Путин бүгін өз отандастарына үндеу жариялап, Донбастағы арнайы соғыс операциясын бастау жөнінде шешім қабылдағанын мәлім етті. Ол өзінің сөзінде Ресейдің жоспарына Украинаны басып алу кірмейтінін, алайда, Мәскеудің бұл елді демилитаризация жасауға әрекет ететінін атап өтті.
«Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанға қараған түні Украинаға қарсы соғыстың басталғанын жариялады. Оны өзі Донбастағы арнайы соғыс операциясы деп атады», – делінген DW хабарламасында.
Путин бұл операцияның «Сегіз жыл бойы Киев режимі тарапынан геноцидке ұшырап келе жатқан» адамдарды қорғау мақсатында қолға алынғанын айтты.
«Жағдай біздің шешімді де жылдам қимыл жасауымызды талап етеді. Донбасс халық республикасы Ресейге көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Мен осыған байланысты, БҰҰ Жарғысының 51-бабының 7-бөлігіне сәйкес, Федерация кеңеснің санкциясы және Федералды жиын ратификация жасаға ДХР-мен және ЛХР-мен достық және өзара көме к туралы келісім бойынша, арнайы соғыс операциясын жүргізу туралы шешім қабылдадым», – деді Путин РИА «Новостидің» хабарлауынша.