Британия ғалымдары бауырды аурудан қорғайтын сусынды анықтады
ЛОНДОН. 23 ақпан. Ұлыбританияның Саутгемптон және Эдинбург университеттерінің ғалымдары бауырдың ауруы мен оның өлімін тежейтін нәрсені анықтады. Бұл туралы The Mirror хабарлады.
Оқымыстыдар кофені ұдайы белгілі бір мөлшерде ғана ішіп тұрған адамның бауыр ауруына ұшырауы мен одан қайтыс болу тәуекелінің күрт төмендеп кететініне көз жеткізді. Кофе адамды бауырдың созылмалы сырқатынан сақтайды. Оның ең жоғары тиімділігіне атамыш сусында күніне үш-төрт кеседен ішіп тұрған адам жете алады.
Зерттеу авторлары мұндай нәтижеге 495 585 адамды сынақтан өткізгеннен кейін жеткен. Олардың бестен төртеуі ірі және ұнтақталған кофеині бар және жоқ кофені сүтпен ішкен. Ал он адамның екеуі кофені мүлде ішпеген. Сонда он жылдың ішінде созылмалы бауыр ауруына шалдыққан 3 600 адам шыққан, бұлардың 301-і қайтыс болып кеткен.
Сонымен бірге, кофеге құмарлардың кофеге құмар еместерден бауыр ауруымен ауырышулықтың 21 пайызға, қайтыс болатындардың 40 пайызға төмен болатыны анықталған.