Швейцариядан Назарбаевтардың тағы 5 млрд доллары табылды
ЖЕНЕВА. 21 ақпан. Швейцарияның Credit Suisse банкінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің 5 млрд 150 млн доллар ақшасы болғаны анықталды. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевтың Credit Suisse-те 2008-2012 жылдар аралығында есепшоттары болған. Осы уақыт ішінде олардың есепшоттарында шамамен 5 миллиард доллар тұрған.
Қазақстанның экс-президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның 2008-2012 жылдар аралығында жалпы сомасы 150 миллион доллар болатын алты шоты болған.
Жалпы алғанда, Credit Suisse банкінің Назарбаев әулеті 5 миллиард 150 миллион доллары болған.
Қазақстанның қазіргі президентінің отбасы әлдеқайда аз – Тимур Тоқаев пен оның анасы Надежданың Credit Suisse банкіндегі шоттарында 1998-2011 жылдар аралығында 5 миллион доллары болған. Президенттің қарындасы Қарлыға Ізбастинаның есепшоттарында 7 миллион доллар болған.
«Credit Suisse құпиялары» – швейцариялық ең ірі Credit Suisse банкінің есепшоттары туралы мәліметтің сыртқа шығып кетуіне байланысты құрылған трансшекаралық журналистік зерттеу жобасы.
Бұл деректерді аноним дереккөз немістің Süddeutsche Zeitung газетіне жеткізген, олар мұны OCCRP және басқа елдердегі 46 серіктес медиаға таратты. Бес құрлықтағы журналистер банк файлдарын зерттеп, инсайдерлермен, тергеу органы қызметкерлерімен сөйлесіп, алынған қорытынды нәтижелерді сот жазбасы мен қаржылық есептер арқылы тексеріп шықты. Тарап кеткен ақпаратта 1940 жылдан бастап, 2010 жылдардың орта тұсына дейін ашылған 18 мың есепшот туралы деректер бар. Бұл есепшоттардағы жалпы қаржы көлемі жүз миллиард доллардан асады.