Басты баған

ҮШҚОҢЫР НАЗАРБАЕВТАР МЕНШІГІ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕ МЕ?

ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев мырза!

Қарасай аудандық сотының төрағасы мен судьяларын ауыстыру керек шығар?

Үшқоңыр тауын қоршап алып, қарулы жасақпен күзетіп отырған Назарбаевтардан сол жерді қайтару үшін прокуратура сотқа талап-арыз берген. Кеше Қарасай аудандық соты талап-арызды қабылдамады. Яғни, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркіне қарасты Үшқоңыр Назарбаевтардың меншігінде қала берді.

Бүгін Парламентте Мақсат Толықбай мәселе көтерді. Өткенде Мақсат сол жерге өзі аяғымен барып, көзімен көрген болатын. Мәжіліс депутатын кіргізбеген қарулы топ қара халықты ол жаққа аттап бастыра ма? Үшқоңырды Назарбаевтардың қай ата-бабасы арқалап әкеліпті?

Мақсатқа осыған байланысты қоңырау соғып, қоқан-лоқы көрсетіп, артына адам сап жатқан көрінеді. Қорықпа, Макс, аққа Құдай жақ! Сендер қазір тарихи миссияларыңды атқарып жатсыңдар! Сендер сынсаңдар болашақтан үміт жоқ!

Оңғар ҚАБДЕН

Facebook

17 қаңтар, 2024 жыл

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button