Латыш чемпионы Олимпиадада Абайдың әнімен өнер көрсетті
БЕЙЖІҢ. 14 ақпан. Латвия чемпионы Денис Васильев Қысқы Олимпиялық ойындардағы мәнерлеп сырғанау жарысында қазақ әнімен сайысқа түсті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Жеке өнер көрсететін спортшы Олимпиада-22-де қысқа бағдарлама бойынша сынағын Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнінің композициясы аясында тапсырды.
Жарыста Васильев 85,30 ұпай жинап, жетінші орынға табан тіреді.
Латыш спортшысы қаңтардың соңында өткен Еуропа чемпионатында ерлердің еркін бағдарламасы бойынша болған сайыста қола медаль жеңіп алған болатын. Бұл латыш мәнерлеу спортындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
Васильев осымен екінші мәрте Олимпиадада өнер көрсетіп жатыр. Бұған дейін ол 2018 жылы Пхеньянда 19-орын алған еді. Оның жаттықтырушысы Стефан Лембель кезінде қазақстандық Денис Теннің досы болған екен. Бәлки, Денистің Абай композициясын таңдап алуына оның әсері де бар шығар.