Спорт

Отгонцецег Гран-при алтын медалін ұтып алды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының лидері Галбадрах Отгонцецег Хорватияның астанасы – Загребте Әлем гран-при кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

48 килоға дейінгі салмақта күш сынасқан қазақстандық спортшы финалда франциялық Мелани Клементпен белдесті. Шайқаста Галбадрах қарсыласын иппонмен жеңіп, оған ешқандай мүмкіндік қалдырмады.

Қазақстандық спортшы финалға дейін австриялық Катарина Танзерді, қытайлықтар Яо Ксионг пен Ли Яньанды ұтты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button