Жаңалықтар жаңғырығыТаным
Назарбаевтар отбасы Араб Әмірлігінен тұрақ тапқан ба?
ӘБУ-ДАБИ. 3 ақпан. Әлеуметтік желіде Біріккен Араб Әмірлігінің Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерінің бәріне азаматтық бергені жайлы ақпар тарап жатыр. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Осыған қатысты ақпар алдымен Instagram парақшасында пайда болған. Онда «БАЭ әділет министрі Н. Назарбаев пен оның отбасының барлық мүшелеріне азаматтық берді», – делінген.
Бұдан әрі мәтінде министр Абдулла бен Султан бен Азад ан-Нуаймидің (суретте) Қазақстанның бірінші президентінің отбасысын натурилизация жасау туралы эксклюзивті жарлық шығарғаны айтылады.
«Мен 1 паспорт үшін 1 млрд доллар төлеуге дайын адамдарды біздің елімізде тұруға лайықты деп есептеймін», – депті сонда министр.