Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Енді Сенат та Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы дауыс берді

АСТАНА. 27 қаңтар. Қазақстан Парламентінің Сенаты Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халықтары ассамблеясының өмірлік төрағасы болу құзыретін алып тастады. Бұл туралы «Орда.kz» хабарлады.

Мұның алдында мұндай шешімді Парламент Мәжілісінің депутаттары қабылдаған болатын. Енді кезек Сенатқа келді.

«Сенаторлар заңнамадағы Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ны Мемлекет басшысы басқаруы тиіс деген өзгерісті қолды. Олар сонымен бірге заңнаманы талқылау барысында тағы бір өзгеріс енгізді. Енді «Тұңғыш Президент туралы» заңнан ішкі және сыртқы негізгі бағыттар бойынша бастамалардың Елбасымен келісіп жасалатыны туралы норма алынып тасталды. Осылайша, Сенат заңнамадағы өзгерістерді концептуалды түрде мақұлдап, осы жөндеумен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылдады». – деді депутат Ләззат Сүлеймен.

Енді Нұрсұлтан Назарбаев бірде-бір мемлекеттік мәселеге араласа алмайды, бір жерде де сөзі жүрмейді.

Алайда, жұртшылықтың басым бөлігі қатты мән беріп, петиция арқылы қол жинап жатқан ең басты мәселе – бұрынғы президент пен оның отбасына тиіспеушілік жөніндегі бапты алып тастау жайында әзірге бұларда бір ауыз сөз жоқ. Ал халық соны асыға күтіп отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button