Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Алматы маңынан лаңкестердің жасырын молалары табылды

АЛМАТЫ. 20 қаңтар. Алматы қаласы маңынан осында жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан лаңкестердің әлі топырағы кеппеген бейіттері табылды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Полиция Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін қала маңынан лаңкестердің молалары табылғанын растады», – делінген хабарламада.

«Иә, бұл ақпарды растаймын». – деді агенттік тілшісіне бейсенбі күні Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Құқық қорғау органдары лаңкестер тәртіпсіздікке қатысушылардың кімдер екенін белгілі болып қалмауы үшін мәйіттерді жасырын жағдайда жерлеген деген пікір айтады.

Бұдан бұрын полиция Алматы мәйітханаларына жеті рет шабуыл жасалып, оның барысында қаза тапқан 41 адамның мүрделері ұрлап әкетілгенін құлақтандырған еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button