26 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еуропарламент Қазақстан билігі мүшелеріне санкция салмақшы

20 Қаңтар 2022 16:39
- Жаңалықтар, Жаһан
Еуропарламент Қазақстан билігі мүшелеріне санкция салмақшы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 20 қаңтар. Кеше Еуропарламент депутаттары Қазақстан билігіндегі шенеуніктерге санкция салуды ұсынды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Еуропарламентте 19 қаңтар күні Қазақстанда қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік пен ондағы қантөгіс жайы талқыланды. Нәтижесінде қарар жобасы жөнінде пікір алмасылды.

Сөз сөйлегендердің басым бөлігі оқиғаны тәуелсіз зерттеуге және Қазақстан билігі өкілдеріне жеке санкция салуға шақырды.

Қарар жобасы авторларының бірі Хайди Хаутала «бейбіт наразылықтың қалайша озбырлыққа ұласып кеткенін, оған қандай элементтер тартылғанын, жағдайдың ушығуына не түрткі болғанын» анықтау үшін оқиғаны халықаралық дәрежеде тәуелсіз тергеу қажеттігін атап өтті.

«Кінәлілер жазалануы тиіс. Кез келген жолмен билікті сақтап қалғысы келетін клептократтарға қатаң шара қолданылуы тиіс. Өз халқына қарсы қылмыс жасағаны үшін сот алдында жауап беруі керек. ЕҚЫҰ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі, ЕО тәуелсіз тергеуді қолға алуы тиіс», – деді депутат.

Қарар авторларының бірі Андирус Кубилиус демонстранттарға күш қолдану халықаралық тергеуді қажет етеді деді. Президент Тоқаевтың көшедегі адамдарға ескертусіз оқ атуға шақыруы «бұл әрекеті өмір бойы оның қыр соңынан қалмайды» деді депутат.

Еуродепутат Маркета Грегорова Қазақстан билігінің «наразылармен пікірталас жүргізіп, уәде берген реформаларын жүзеге асырудың орнына адамдарды террористерге балап, аяусыз ұрып-соғып, ұрғаны масқара жағдай» деп санайды. Ол Қазақстан басшылығына жеке санкция салуға шақырды.

«Өкінішке қарай, ЕО-ның аймақта үні естілмейді және ол өте кеш және баяу реакция білдірді. Сенімді ақтау үшін біз жоғары деңгейдегі шенеуніктерге санкция салуымыз керек», – деді Грегорова.

Депутат Владимир Бильчик наразылық кезінде және Қазақстанға ҰҚШҰ әскері кіргізілген кезде интернеттің бұғатталуын сынады.

«Интернетті өшіру және шетел әскерін ел аумағына шақыру елдің халықаралық деңгейдегі орнына күдік ұялатады, сонымен бірге Қазақстанның өзі мойнына алған міндеттемелерге сай елді басқару мүмкіндігіне шәк келтіреді», – деді депутат.

Қарарға қарсылық білдіргендер де болды. Еуродепутат Тьери Мариани Қазақстандағы оқиғаның жай-жапсары толық ашылмай жатып, Еуропарламент «мерзімінен бұрын айыптаумен» айналысып отыр деді.

«Біздің білеріміз аз, бірақ парламент мүшелерінің басым бөлігі айыптап жатыр. Депутаттардың басым бөлігі Ресей мен Қытайға шүйлігу үшін жағдайды пайдаланғысы келетін сияқты», – деді Мариани.

Еуродепутат Татьяна Жданока да осыған ұқсас ой айтты. Қаңтар оқиғасын зерттеуге көп уақыт кететінін айтқан депутат Еуропарламент «қайтадан судья рөліне кірісті» деді.

Еурокомиссияның ұстанымын комиссар Стелла Кириакидес жеткізді. Ол [Қазақстандағы] дағдарыстың күрделілігін алға тартып, оған интерпретация мен реакция білдіргенде өте абай болу қажеттігін атап өтті.

Комиссардың айтуынша, «ақпаратқа қарағанда жақсы қаруланған және жақсы үйретілген топтар бейбіт наразылықты өз мүддесіне пайдаланбақ болған».

«Оларды солай жасауға не итермелегені анық емес. Бәлкім, бұл топтар әскери құрылымдармен байланысты шығар, олай болса бұл арнайы қызметтің кейбір бөлімі оларды жасырған болуы мүмкін деген болжамға жетелейді. Бұрынғы президент пен қазіргі президентпен байланысты топтар арасында билікке талас болуы да мүмкін. Нақты кезеңде оқиғаға сыртқы күштердің де қатысын жоққа шығаруға болмайды», – деді комиссар.

Ол Еурокомиссия Қазақстан билігімен байланыста отырғанын айтып, Астананы «жан-жақты, ашық, тәуелсіз зерттеуге» шақырғанын айтты.

Қарар авторларының бірі Роза Тун депутаттарға құжатты әзірлеуге аз уақыт берілгенін және оны көлемі жағынан да шектеуге тура келгенін айтты. Ол қарарды «тым қысқа» деп атап, құжатты «Қазақстан азаматтарының сұмдық жағдайын толық сипаттауға шамасыз» деп атады. Соған қарамастан, ол Еуропарламенттегі әріптестерін құжатқа дауыс беруге шақырды.

Қазақстан жөніндегі қарарға дауыс беру бүгін, 20 қаңтарда өтеді.

 

Таңбалар: ЕуропарламентҚазақстансанкция

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты
Әлеумет

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты

24.08.2026
Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026
Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы
Дәулет

Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы

05.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist