АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Телеарна Алматыдағы Назарбаев көшесіне бұрынғы атын қайтарды

АЛМАТЫ. 20 қаңтар. Мемлекеттік «Хабар-24» телеарнасы Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев атына берілген даңғылға өзінің соған дейінгі атын қайтарды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Сөйтіп, даңғылға оның қайтадан Д. Фурманов атымен аталатынын білдіретін тақтайшалар қағылды.

«Алматы полицейлері көшенің екі мүйісін жапты. Қазір онда антитеррорлық операция жүріп жатыр. Бұл ақпарды Алматы полиция департаменті де растады», – делінген хабарламада.

«Операция кезінде Абылай хан даңғылының Мақатаев көшесіне дейінгі аумағынан Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі, сондай-ақ Төлеби мен Желтоқсан көшелерінен Фурмановқа дейінгі аралық жабылды», – деп хабарлады телеарна дикторы эфирде.

Айта кетейік, сөз болып отырған көше 1920-2017 жылға дейін революционер жазушы Дмитрий Фурмановтың атын алып келген еді. Ал 2017 жылы 30 қарашада Алматы қалалық мәслихатының депутаттары оны сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ауыстырған болатын.

Тарихқа бұдан да тереңірек үңілер болсақ, көшенің 1920 жылғы дейінгі атауы Лепсі болатын. Ол Талдықорған жақтағы Лепсі өзені мен елді мекенінің құрметіне қойылған-тын. Көше 1867 жылы Алматы мекеніне Верный аты беріліп, қалашық болып қайта қалыптаса бастаған шақта пайда болыпты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button