Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Назарбаевтың қайырымдылық қорларында $8 млрд активі бар

АСТАНА. 20 қаңтар. Журналистік тексеру жүргізетін OCCRP бірлестігі Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі қайырымдылық қорлары арқылы 8 млрд долларлық активті басқарып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.

OCCRP бірлестігі зерттеу жұмыстарын Kloop және «Vласть» басылымдарымен бірге жүргізген.

Тексеру авторларының айтуларынша, Нұрсұлтан Назарбаев президент болып тұрған кезінде төрт қайырымдылық қорын құрған. Әңгіме «Назарбаев қоры», «Нұрсұлтан Назарбаев қоры», «Демеу қоры» және «Елбасы қоры» туралы болып отыр. Журналистер экс-президенттің бұл қорларды әлі күнге дейін жасырын басқарып келе жатқанын айтады.

Қазақстанның бұрынғы президентінің жеке еншісіндегі бұл қорлардың қарауында банкілер, отельдер, телеарналар мен құны 100 млн доллар тұратын ұшақ бар екен.

Зерттеуші журналистер Назарбаевтың осы қорлар арқылы миллиардтаған доллар қолма-қол ақшаға да ие болып отырғанын жазады.

Қордың отельдері Қазақстандағы ең сән-салтанаттылар қатарына жатады, жүздеген сауда орталықтары, қоймалар ғимараттары, гольф алаңдары мен макарон фабрикасы бар. Бір кездері тіпті көркейту, көгалдандыру компаниясы да болыпты. Компаниялар мен активтердің жалпы көлемі 8 млрд долларды құрайды. Осылардың бәрін Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзі басқарады.

Әрине, бұл қорлар қайырымдылық аты болғанымен, ешкімге ешқашан қайырым қолын созған емес.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button