Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Президент Самат Әбішті де ресми түрде қызметінен босатты
АСТАНА. 17 қаңтар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішті қызметінен босатты. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Әбіш Самат Сатыбалдыұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», – деп хабарланды Ақордада дүйсенбіде.
Самат Әбіш 2015 жылғы желтоқсан айыннан бері ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарып келді.
Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Алматы облысындағы Энергетический кентінде туған. 2017 жылы 6 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-лейтенанты атағын алды.