26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Самат Әбіштің шартты сотталуы кланның әлі күшті екенін көрсетеді – Бапи

24 Наурыз 2024 07:44
- Жаңалықтар, Құқық
Самат Әбіштің шартты сотталуы кланның әлі күшті екенін көрсетеді – Бапи
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 24 наурыз. Парламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи экс-президент әулетінің мүшесі Самат Әбіштің соты кланның әлі күшінде тұрғанын білдірді деді. Бұл туралы Stan.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Самат Әбіш – байырғы президенттің туған інісі Сатыбалды Назарбаевтың екі ұлының кішісі. Үлкені – Қайрат Сатыбалды қазір қылмыстық істеріне байланысты түрмеде отыр. Осы күндері оның үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Демек, Самат Әбіш, қазақы ұғым мен дәстүр бойынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың ешқандай да інісі не жиені емес, оның бір баласы болып саналады.

Міне, бұрынғы президенттің тікелей әулетінен шыққан тағы бір баласы – Самат Әбіш таяуда Қаңтар оқиғаларына қатысты істі болып сотталған еді. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мемлекеттік қылмыс жасаған оған бар болғаны 8 жылға шартты түрде соттау жазасын берді. Бұл күллі Қазақстан жұртын әрі қатты таң қалдырып, әрі қатты түңілдіріп отыр.

Шынында юриспреденция мұндай фактіні осы уақытқа дейін білген емес!

Ал Самат Әбіш өзі Қаңтар оқиғасы кезіндегі барлық кінәларын мойындап, өз ісіне өкінетінін айтқан еді.

Бұл процедура Қазақстанның әлі ескінің батпағынан шыға алмай келе жатқанының айқын айғағы, көрнекі көрінісі болып шықты. Бұған бұдан артық дәлелдің керегі жоқ!

Сірә, «Күштінің арты диірмен тартады» деген осы шығар…

Осыған орай Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі журналист Ермұрат Бапи өзінің пікірін білдірді.

«Оның шартты түрде сотталғаны – күлкілі жағдай. Мұндай үкім мен шешімді ешқашан естімеппін. Сегіз жыл! Одан да 3 жылға бас бостандығынан айыру керек еді. Онда түсінуге болады. Бұл жағдайдан ескі Қазақстанның әлі де ықпалы екенін байқауға болады. Егер Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі Қантар оқиғаларына қатысты барлық жедел істермен айналысатын мұндай лауазымды тұлғаны қорғаштайтын болса ескі Қазақстанның дәуірі жүріп тұр деген сөз», – деп жазды Ермұрат Бапи.

Еске сала кетейік, Самат Әбіш Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын. Қаңтар оқиғасына дейін оның есімі бейресми түрде Қазақстан президенті лауазымына негізгі үміткерлер қатарында тұрды.

Таңбалар: Ермұрат БапиСамат Әбішшартты соттау

Ұқсас мақалалар

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің «Новичокпен» уланып қалғаны рас па?
Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің «Новичокпен» уланып қалғаны рас па?

11.07.2024
«Назарбаевтың отбасы мен билік арасындағы ымыра»
Жаңалықтар

«Назарбаевтың отбасы мен билік арасындағы ымыра»

25.03.2024
Назарбаев інісінің ұлы – Самат Әбіштің ісі құпия жағдайда сотқа жіберілді
Жаңалықтар

Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды

19.03.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist