Байден Путинге Украинаға қатысты қатты ескерту жасады
ВАШИНГТОН. 9 желтоқсан. АҚШ президенті Джордж Байден кеше Ресей президенті Владимир Путинмен жүргізілген онлайн-келіссөз барысында оған Украинаға байланысты қатаң ескерту жасады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Ақ үйдің егесі мұны Ресейдің қазіргі күндері Украина шекарасына әскери контингентті апарып қойып жатқанына орай айтты. Ол Ресей Украинаға басып кіретін болса, РФ-ны өте қатаң санкциялар күтіп тұрғанын жеткізді.
Журналистер Бейденнен келіссөздің қалай өткені жайында сұрады. «Мен бәрін турасынан айттым, – деді сонда ол. – Ол (Путин – ТАСС) биязылық көрсетті, бірақ мен егер ол Украинаға басып кіретін болса, оның Мәскеу үшін зор зардаптары болатынын, бұған тиісті жауап қайтарылатынын, бұрын-соңды болмаған экономикалық зардаптар берілетінін ашық айттым».
АҚШ президенті Ресейдің бұған қарсы шара қолдануға дайын екенін білдірді. «Ол АҚШ тарапынан болатын қатаң шараларға Ресей жағынан тез арада тиісті жауап болатынын мойындады. Мен де мұндай қадамға дайын екенімді мәлімдедім», – деді соңында Байден.
Соңғы кездері Батыс пен Киевте Ресейдің Украина жеріне басып кіргелі жатқаны туралы әңгімелер өте жиі айтылып жүр. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұндай ақпардың бос сөз екенін айтып ақталды. Бірақ ол Ресейдің шынында жан-жағындағы елдердің бәріне ылғи көз алартумен келе жатқанын, одан бәрін де күтуге болатынын қаперіне алмады.