Нахичеваньда лаңкестер шоғырланып жатыр
ЕРЕВАН. 30 қараша. Әзербайжанның Нахичевань автономиялы облысында лаңкестер шоғырының топтасып жатқаны байқалады. Бұл туралы News.am сайты хабарлады.
Армян сайтының хабарлауынша, бүгін осыған байланысты Армения парламентінің қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комиссиясы арнайы отырыс өткізген. Депутаттар көрші мемлекеттің территориясында орын алып жатқан оқиғаға қатты алаңдаушылық білдірді.
Нахичеваньға терроршылар Сириядан келіп, топтасып жатқаны жайында деректер бар.
«Мен онда лаңкестердің неге жиналып жатқанын білмеймін. Бәлкім, 44 күндік соғыс кезінде орын алғандағыдай террорлық әрекеттер жасау үшін келген шығар. Осыған байланысты сұрақ туады. Ал Армения қорғаныс министрлігі мұны Әзербайжан армян жеріне әуемен жөнелту үшін әдейі алдырғанына сенімді болып отыр». – деді «Армения» оппозициялық блогының депутаты Артур Казинян.
Не дегенде де, армяндар осындай дүрбелең туғызып, байбалам салып жатыр. Мұның қаншалықты шындыққа жанасымды екені белгісіз.