Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Әкесінің көзіне шөп салғаны үшін ұлы анасын өлтірді

ВЛАДИВОСТОК. 31 тамыз. Ресейдің Приморье өлкесінде әкесінің көзіне шөп салып жүргенін біліп қойғасын анасын мылтықпен атып өлтірген. Бұл туралы РЕН ТВ хабарлады.

Өлкенің Дальний Кут селосында 27 жастағы жігіт анасының басқа біреумен әуейі болып жүргенін біліп қояды. Осыдан келіп, анасы мен баласының арасында жанжал туып кетеді. Сол айқай-ұйқайдың шарықтау шегіне жеткен кезінде ұлы қолына мылтық алып, шешесін атып жібереді. Оқ 50-ден асқан әйелдің мойнына тиеді. Ол осы жарақаты салдарынан тілге келмей, жантәсілім етеді. Болған оқиға жайында күдіктінің інісі құқық қорғау органдарына жеткізеді.

Анықталғанындай, анасын атып тастаған жігіт бұрын түрмеде отырып шыққан екен. Қазіргі кезде жұмыссыз. Ал мылтықты бұдан екі жыл бұрын орманның ішінен тауып алғанын айтыпты.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті бірден қамауға алынды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button