Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
НАТО қатарына Украинаны қабылдауға дайын отыр
КИЕВ. 31 тамыз. Солтүстік Атлант альянсы (НАТО) Украинаны өз қатарына мүше етіп қабылдауға дайын. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.
НАТО-ның Украинадағы өкілі Александар Винников журналистерге Донбаста соғыс жүріп жатқанына қарамастан, альянстың өз қатарына Украинаны қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. «Соғыс бұған кедергі келтіре алмайды», – деп түсіндірді ол.
Өкілдің айтуынша, НАТО-ның Вашингтон келісімшартында оған мүше болып кіретін елдің территориясында сол кезде соғыс жүріп жатпауы тиіс деген норма жоқ.
«Әйткенмен, НАТО-ның барлық одақтастары жаңа мүшенің қатарға келуі альянсты күшейте түсетініне сенімді болуы тиіс. Ұжымдық шешім тап сондай мақсат шеңберінде қабылданады», – дегенді айтты осыған орай Винников.