Алар Карис – Эстонияның жаңа президенті
ТАЛЛИН. 31 тамыз. Бүгін Эстония рийгикогуы («мемлекеттік жиын»), яғни парламенті елдің жаңа президентін сайлады. Бұл туралы delfi.ee хабарлады.
«Бүгін рийгикогуда Эстонияның жаңа президентін сайлау үшін дауыс берудің екінші туры өтті. Қорытындыда Алар Карис қалайда жаңа президент болып сайланды», – делінген хабарламада.
Жаңа президент қажетті 68 дауыс орнына 72 дауыс алды.
Алар Карис осы кезге дейін Эстония ұлттық музейінің директоры қызметін атқарып келген. Оның алдында мемлекеттік бақылаушы болып қызмет етсе, бір кездері Тартудағы әйгілі «Gambrinus» сыра дүкенінде бармен де болған екен.
Кешеден бастап жаңа президентті оққағарлар алып жүре бастады. Күзет басшысы мұны сақтық шарасы деп түсіндірді.
Алар Карис Эстония мемлекетінің бесінші президенті болып отыр. Бұған дейін бұл елді Леннарт-Георг Мери (1992-1996, 1996-2001), Арнольд Рюйтель (2001-2006), Тоомас Хендрик Ильвес (2006-2011, 2011-2016), Карси Кальюлайд (2016-2021) басқарды. Соңғы президент – Карси Кальюлайд ханым бір айдан астам уақытқа дейін орынтағында отыра береді.
Жаңа президент Алар Карис лауазымын орындауға 2021 жылғы 11 қазанда кіріседі.