Өзбекстанда журналист депутаттан өзбекше сөйлеуді талап етті
ТАШКЕНТ. 19 тамыз. Өзбекстанда журналист орыс тілді депутаттан өзбек тілінде сөйлеуді талап етті. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
Республикаға танымал kun.uz басылымының тілшісі Өзбекстанның орыс тілінде дайындалған экологиялық стратегиясының тұсаукесері барысында парламенттің орыс тілді депутаты Елена Бабенкодан барлық материалдарды өзбек тілінде жеткізуді немесе мұндай кездесуге тәржімашы алып келуді талап етті.
Сол сәттер түсірілген видео әлеуметтік желіде 19 тамызда пайда болды.
Осыдан кейін туындап кеткен қызу пікірталас кезінде Бабенко стратегияның орыс тілінде басылып шыққан халықаралық материалдар негізінде дайындалғанын, сондықтан тұсаукесердің орыс тілінде өтіп жатқанын айтып ақталды.
Биылғы жылы Өзбекстан шенеуніктерін мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттейін қаулы шықты. Онда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жауапты лауазымдағы басшылық қызметке тағайындалатын кадрлардың барлығы міндетті тәртіппен өздерінің мемлекеттік тілді білетіндері жайлы сертификат алуға тиіс екендері атап көрсетілген. Олардың білім деңгейлерін анықтап, сертификаттарды тапсыру 2022 жылғы 1 сәуірден басталады.