25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Аюға намаз үйреткен таяқ…

Желіден жеткен жеке сөз

20 Тамыз 2021 10:41
- Көзқарас
Аюға намаз үйреткен таяқ…
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Не болды сізге Абаев? Не отырыс мынау?! Түріңізді жақсылап қараңызшы! Не түр мынау, үңгірден шыққаннан бетер үрпі-түрпі, астына жіберіп қойған баладай? Біздің елдің 90 пайызы орыс тілінде сөйлейді деген не сасқандық?

Не топастық? Миы бар адам мақтанатын нәрсе ме осы?! Француздардың біздің елдің 90 пайызы итальянша сөйлейді деп, не болмаса итальяндардың біздің халықтың 90 пайызы французша сөйлейді деп мақтанғанын естіп-көрдіңіз бе? Сіздің мына түріңізден кейін, мына сөзіңізден кейін ұяттан өртенгеннен өмір бойы үңгірде жасырынып отыратын шығармыз…

Міне, қараңыздар, біздің ел басқарып жүрген адамдарымыздың пошымын! Өресінің түрін қараңыздар! «Аюға намаз үйреткен таяқ» дейді қазақ. Бірақ қанша жерден таяқтасаң да, оның еш бет-әлпеті өзгермейді, сол хайуан кейпінде қалады, өйткені, табиғаты сол. Адамның өресі де сол сияқты, ол да адамға табиғатпен беріледі. Табиғатында өресі төмен адам қандай білімді болса да, өресінің болмысы өзгеруі қиын… Сондықтан Абаев мырза, сіздің Нидерланд еліндегі Лейден университетінде алған біліміңіздің құны көк тиын. Тек осы білімнің құнын кім төлегені ғана қызық маған. Қазақ халқының қалтасынан төленген қаржы болса қайтарыңыз қазынасына. «Күшік асырап, ит еттім, ол өзімді қапты» болып жүрмесін. Сонда да болса, менің (халықтың) ит-аяғымнан ас ішіп отырып, өзімізді қапқаныңыз қызық болды.

Қазір әлемде нағыз ақпараттық соғыстың қызып тұрған кезі… Сол соғыста сіз бізді сатып кеттіңіз. Соғыс басталмай тұрып жеңіле салатын сіз сияқты қорқаулар бастаған елде ешнәрсе дамуы мүмкін емес. Токио Олимпиадасындағы жеңіліс соның көрінісі. 2019 жылдан бері Қазақ күресі ұлттық федерациясын басқарады екенсіз, айналайын Абаев-ау, «күрес сенің не теңің, жылтырайды к…» дейін десем, ұятым жібермей тұр. Ал бірақ сіздер ұялмайсыздар! Ар да, ұят та, намыс та жоқ! Путиннің «пещерный национализм» деген сөзін жаттап алып, қай елдің президентіне қызмет жасап жүргеніңізді шатастырып алған секілдісіз… Бірақ дәл осы сөзіңіз 30 жылда өз ұлтын «үңгірден» алып шыға алмаған дарынсыз, қабілетсіз, түкке жарамсыз, бейшара басшы болғандарыңызды мойындаудың бұлтартпас дәлелі болды.

Жетер енді, осымен орныңызды «үңгірдегі ұлтшылдарға» босатқаныңыз дұрыс болар! Олардың елді сізден артық басқаратынына кепілдік бере аламын.

Ақмарал ҚАМБАРҚЫЗЫ

 

Facebook парақшасынан сол қалпы алынды.

Таңбалар: арДәурен Абаевнамыс

Ұқсас мақалалар

Спортты сақалдылардан тазартпаса болмайды, спортшылардан намыс қашты (видео)
Әлеумет

Спортты сақалдылардан тазартпаса болмайды, спортшылардан намыс қашты (видео)

17.07.2024
Қазақтың жылқысы құрлы намысымыз болмағаны ма?
Қайнар

Қазақтың жылқысы құрлы намысымыз болмағаны ма?

30.06.2023
НАМЫС
Әлеумет

НАМЫС

04.06.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist