Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Алпыстан астам ел Ауғанстан жөнінде мәлімдеме жасады

ВАШИНГТОН. 16 тамыз. Әлемнің 60-тан аса елі Ауғанстаннан кететін ауғандықтар мен шетелдік азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жөнінде бірлескен мәлімдеме жариялады. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.

Мәлімдеме АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланды.

Үндеуді қолдаған мемлекеттер қатарынан АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Украина, Италия және басқалары табылды.

«Қауіпсіздік саласындағы ахуалдың нашарлай түсуіне байланысты біз Ауғанстаннан кеткілері келетін шетелдік азаматтар мен ауғанстандықтардың жан-жақты қауіпсіз жағдайда және тәртіппен кетулерін ұйымдастыруға ықпал етуді қолдаймыз және соған шақырамыз», – делінген жарияланымда.

Үндеуге қол қойған мемлекеттер сондай-ақ ислам республикасындағы жолдарды, аэропорттарды және шекаралық бекеттерді жаппауды сұрайды.

Тәліптер 15 тамыз күні өздерінің бүкіл Ауғанстан территориясына егелік етіп тұрғандарын жариялады. Бұдан бөлек, олар Кабул мемлекеттік телеарнасына өз бақылауларына алды.

«Талибан» қозғалысындағылар өздері басқаратын Ауғанстанда әйелдердің білім алып, жұмыс істей алатындары, журналистердің болып жатқан оқиғаларды сынап жаза алатындарын айтты. Әйелдер хиджаб киіп жүруге тиіс болады, алайда, оларға үйден бір өзі шығуларына рұқсат етіледі, дегенді жеткізді тәліптер өкілі Сухель Шахин.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button