Мәскеуде көшеде «жауынгерлік клуб» ашқан қырғыздар ұсталды
МӘСКЕУ. 16 тамыз. Мәскеудің орталық бөлігінде өзді-өздерімен шайқасып, жаттығатын «жекпе-жек клубын» («бойцовский клуб») ашып алған қырғызстандық жастар қолға түсті. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Дәлірегі, 12 қырғыз жігіті Тверь көшесінің ауласында бір-бірімен жұдырықтасып жаттығатын жер сайлап алған екен. Сол ауладағы үйлерде тұратын жұрт соған байланысты шағымданып, полицияға хабар берген.
«Осының алдында полицияға Тверь көшесіндегі 6-үйдің ауласында бір қора ер адамның жиналып қалғаны жайлы дабыл түстіі. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері Қырғызстаннан келген 12 жігіттің спарринг-шайқас өткізіп жатқанын көрді. Олардың бәрі сол бойда ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Мұнда олардың есеп карталарындағы мәліметтер тексерілді, сондай-ақ түсініктеме алынды», – делінген хабарламада.
Атап өту керек, Мәскеуде тәжіктермен болған топтық төбелеске қатысқан 26 қырғызстандық азамат бұдан бұрын соттың шешімімен Ресейден шығарыліп, еліне қайтарылған болатын. Екі рейспен қайтқан олар енді Ресейге тек 40 жылдан кейін ғана келе алады.
Жалпы, депортация туралы шешім 87 шетелдік азаматқа қатысты шығарылған еді.