ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

ФСБ Путиннен «соғысты тоқтатпауды өтінетіндер» үндеуін дайындайды

МӘСКЕУ. 14 ақпан. Федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) Ресей азаматтарынан президент Владимир Путинге Украинаға қарсы соғысты тоқтатпауды өтінген «үндеу» дайындау тапсырылды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мұндай деректі 2008-2010 жылдары Путиннің көпшілік алдында сөйлейтін сөздерін дайындайтын департаментте жұмыс істеген бұрынғы спичрайтері, қазіргі саясаттанушы Аббас Галлямов таратып отыр. Ол ФСБ-ның аймақтық департаменттерінің біріндегі мәнбесіне сілтеме жасаған.

Галлямовтың айтуынша, Мәскеуден осындай бейресми бұйрық келген: енді тылдағы қарапайым зейнеткерден бастап майдандағы солдатқа дейінгі азаматтардың Путиннен «арнайы соғыс операциясын тоқтатпауды» және «жәндіктерді өз ұясында талқандауды» өтінген видеожазбалары жаппай шығып, тарай бастаулары тиіс.

Галлямов атап өткендей, бастама қарсыластар алдында шегінетін тармақтар болатын болса, соғыстың тоқтамағанын қалайтын «сұңқарлардан» – Ресей элитасындағы соғыс партиясынан шығуы керек.

Бірақ әлі түпкілікті шешім шыға қоймапты. «Енді қосымша пәрмен болмай, жоба іске қосылмайды», – деді Галлямов.

Ресей қоғамында «соғыс партиясының» қатары азайып келеді. Яғни соғысты жақтаушылар сапы селдірей бастағаны байқалады: Russia Field мәліметтері бойынша, өткен жылдың қарашасында алғаш рет халықтың жартысынан көбі (53%) Украинамен келіссөздерді қолдаған. Ал соғысты жалғастыруды жақтаушылар саны 36% -ға дейін төмендеп, осы кезге дейінгі ең аз көрсеткішті көрсеткен. Бірақ мына заманда бұл көрсеткіштің өзі көп. Осының өзі Ресейдегі халықтың арасында соғысқұмарлар көп екенін байқатады. Дегенмен, осы жерде соғыс басталған алғашқы айларда оны соза түсуді қалағандар қатары 54%-ға жетсе, 2023 жылдың соңында олар 45%-ға дейін түскенін де айта кетуіміз керек.

Кремльге жақын мәнбелердің бірі осы тұста «Путин үшін әскери операцияларды тоқтатуды жақтайтын дәлел экономикадағы өсіп келе жатқан проблемалар – инфляцияның үдеуі, жоғары пайыздық мөлшерлеме және ірі кәсіпорындардың банкротқа ұшырау қаупі болып табылады» дегенді айтты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button