Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Тәжікстан президентінің қарындасы ковидтен қайтыс болды
ДУШАНБЕ. 21 шілде. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қарындасы Курбонби Рахмонова коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі президенттің қарындасы 20 шілде күні 65 жасында өмірден өткенін жеткізді.
Агенттік мәнбесінің хабарлағанындай, Рахмонова Душанбедегі №5 клиникалық ауруханада емделген.
Президенттің қарындасы өзінің туған жері – Тәжікстанның түстігіндегі Дангара ауданындағы бейітте жер қойнына беріледі.
Биылғы жылғы 5 шілдеде Эмомали Рахмонның 88 жастағы анасы Узбекби Асадуллоева да коронавирустан қайтыс болған еді.