Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Токиода Олимпиаданың алғашқы сайыстары басталды

ТОКИО. 21 шілде. Жапония астанасы – Токио қаласында Олимпиялық ойындардың алғашқы сайыстары басталды. Бұл туралы «Россия 24» телеарнасы хабарлады.

Жарыстардың шымылдығын софтбол турнирі ашып берді. Жапонияның әйелдер құрамасы Австралия командасын 8:1 етіп күйрете жеңді. Матч 2011 жылы болған жер сілкінісі мен цунами салдарынан қатты зардап шеккен атом электр станциясы орналасқан Фукусима қаласының стадионында ойналды.

Бұдан кейін футболдан әйелдер турнирі де мәреге беттеді. Алаңға бірінші болып шыққан Ұлыбритания – Чили командаларының кездесуінде ағылшын қыздары 2:0 есебімен басым түсті. Келесі жұптағы Қытай – Бразилия ұшырасуында Пеленің отанынан келген спортшылар 5:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Бұдан кейін швед қыздары АҚШ құрамасын 3:0 етіп күйрете жеңіп, нағыз сенсация жасады.

Олимпиялық ойындардың ашылу салтанаты 23 шілде күні өтеді.

Ойындарда Қазақстанның 97 өкілі спорттың 27 түрі бойынша жарыстарға қатысады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button