Гаити президенті өз үйінде азаптап өлтірілген
ПОРТ-О-ПРЕНС. 12 шілде. Гаити билігі бұдан бұрын өз үйінде мәйіті табылған ел президенті Жовенель Моиздың өлер алдында қатты азапталғанын айтты. Бұл туралы ABC News хабарлады.
Гаити премьер-министрінің міндетін атқарушы Клод Жозеф мемлекет басшысының өз үйінде өлтірілетіні, оның қатты азапталатыны ешкімнің ойына келмегенін әңгімеледі. Ол сонымен бірге қазіргі барлық назардың президент Моизге қатысты әділдікке қол жеткізуге бағытталып отырғанын жеткізді.
Бұдан бұрын Гаити сенаты уақытша президенттің инаугурациясын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысы болып бекітілген Жозеф Ламбер салтанаттың кейінге қалдырылуын оған қазір барлық сенаторларды қатыстыру мүмкін болмағанымен түсіндірді. «Біздің елімізді жаңғыртудың маңызы айрықша зор», – дегенді қосты ол бұған.
Қанды оқиға 7 шілде күні орын алған. Бір топ белгісіз қарақшылар сол күні түнде Гаити президенті Жовенель Моиздың резиденциясына шабуыл жасаған. Қылмыскерлер оның барысында мемлекет басшысын отты қарумен атып, өлімші етіп жараландырған. Олар Моизды 12 рет атқан. Президентті өлтірушілер қатарында үш шетелдік азамат болған.
Гаитидің АҚШ-тағы елшісі Бокчит Эдмонд президент Жовенель Моиздың өліміне шетелдік жалдамалылардың қатысы бар екенін баяндады. Дипломат сондай-ақ бұған АҚШ-тың есірткімен күрес басқармасы қызметкерлерінің араластығы бар екенін жоққа шығарды.