Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
ОАР экс-президенті сотты сыйламағаны үшін 15 айға сотталды
КЕЙПТАУН. 28 маусым. Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Джейкоб Зума сотқа құрмет көрсетпегені үшін 15 айды құлып астында өткізетін болды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Джейкоб Зума 2018 жылғы ақпан айында президенттің орынтағынан кеткен еді. Ол елді 2009-2018 жылдары басқарды. Оның тізгін ұстаған жылдары мемлекет ішінде жемқорлық жанжалдары жиі орын алып тұруымен ерекше есте қалды.
Бүгінде жасы 73-ке келіп отырған Зуманың полицияға өз еркімен келіп, берілуі үшін бес күн тағайындалды. Егер ол осы уақыт аралығында мұны жасай қоймаса, тәртіп сақшылары үйінен келіп алып кетеді. Сол кезде оны қамау туралы ордер беріледі.