Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Ақтөбеде үлкен шенді полицей пара алғаны үшін қамалды
АҚТӨБЕ. 9 маусым. Ақтөбеде полицияның ірі шені пара алғаны үшін қамалды. Бұл туралы КТК хабарлады.
«Ақтөбеде полиция басшылығы әзірге шулы қамауға алу жайы туралы түсіндірме беруге асығар емес», – делінген хабарламада.
Қалада полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы тұтқындалды. Полковник Евгений Годлевскийге ірі көлемде пара алды деген күдік таңылып отыр.