Көңілдесінің әйелі мен анасынан қашып, жол апатына ұрынды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 10 маусым. Көңілдес жігіттің әйелі мен анасынан қашпақшы болып, өзгенің көлігін айдап қашқан бойжеткен жол апатына түсіп қалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Оқиға Алматы облысында орын алды.
Кеше кешке Қапшағай аудандық полиция бөлімшесіне «Ащыбұлақ» ауылының 27 жастағы тұрғыны шағым айтып келді. Айтуынша, оның бір танысына айдай тұруға берген Кia Rio көлігін бір әйел мініп қашып кетіп, жол-көлік апатына ұрынған. Танысы автомобильді «Ақөзек» ауылында тұраққа қойған екен.
Полицейлер тексеріс барысында көлікті өзінің көңілдесімен «Ақөзек» ауылындағы жеке жер үйде демалып жатқан Қапшағай қаласында тұратын 32 жастағы әйелдің рұқсатсыз айдап кеткенін анықтады.
Екі көңілдес спиртті ішімдік ішіп жатқан кезде еркектің әйелі мен анасы сонда кіріп келген. Олар бірден еркектің көңілдесін ұра бастаған. Қатты қорқып қалған әйел далаға жүгіріп шығып, тұрақта от алып тұрған, ішінде ешкім жоқ көлікті айдап қашып кетеді. Бірақ көп ұзамай алдынан кезіккен арыққа ұрынып, машинаға едәуір залал келтіреді.
Аталған дерек бойынша іс қозғалды. Күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде тілхат алынды