Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Бір кісіні жерлеу кезінде туыстар бір-бірімен төбелесті (видео)
ЯУНДЕ. 22 мамыр. Камерунде бір кісіні жерлеу кезінде туыстар өзара төбелесіп кетіп, біразы көрдің ішіне құлап түсті. Бұл туралы Pulse басылымы хабарлады.
Жанжал марқұмның жаназасы шығарылып, денесін бейітке қойғалы жатқан кезде туған. Онда жиналған туыстар өзара әлденеге келісе алмай, бір-бірлеріне жұдырық ала жүгірген. Шамасы, араларында келіспеушілік бұдан бұрын-ақ пайда болса керек.
Зират басында қарап тұрғандардың бірі түсірген видеода бірнеше кісінің айқайлап, табытқа қарай ұмтылғандары көрініп тұр. Сосын олардың біразы қазылып қойылған моланың ішіне ұмар-жұмар болып құлап түседі. Бірақ онда да тыншу таппай, төбелестерін жалғастыра береді. Олардың біреулерінің қолдарында күрек пен таяқ бар.
Төбелестің неден туғаны айтылмайды.