Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Кришитану Роналду биыл «Манчестер Юнайтедке» оралуы мүмкін

ЛОНДОН. 22 мамыр. Португалия құрамасы мен «Ювентус» командасының форварды Криштиану Роналду алдағы маусымда «Манчестер Юнайтедке» оралуы мүмкін. Бұл туралы Sports.ru хабарлады.

«Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайта оралуға дайын» «МЮ» оған қызығушылығы барын байқатты, ал Сульшер Криштиануге командамен жүргізетін жұмыстарының жоспарын айтып берді. Роналду ешқашан Манчестерге оралуы мәселесін дәл қазіргідей шынтуайттап қарастырған емес», – делінген хабарламада.

Иә, Италияның Турин қаласының «Ювентус» клубында ойнап жүрген Криштиану Роналду Англияның «Манчестер Юнайтед» жасағына оралып қалуы ғажап емес.

Манкуиандықтар жақында футболшысымен хабарласып, оған өздерінің көз қадап отырғандарын білдірді.

«Манчестер Юнайтедтің» 36 жастағы бас жаттықтырушысы Оле-Гуннар Сульшер Криштианумен жеке сөйлесіп, өзінің оған қатысты жоспарларын ашып айтты. Ал футболшы командаға қайта оралуға дайын екенін білдірді.

Роналду шешімді Италия чемпионаты аяқталғаннан кейін қабылдайды. Егер «Ювентус» Чемпиондар лигасына түсіп жатса, командада қалуы мүмкін, олай болмаса – кетеді.

Қазіргі мезетте Роналдудың жоспары «МЮ» сапында тағы екі жыл ойнап, мансабын Португалияның «Спортинг» командасында аяқтау болып тұр екен.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button