Ресейлік қазақ экс-әкім түрмеден мерзімінен бұрын шықты
АСТРАХАНЬ. 21 мамыр. Астрахань облысындағы Краснояр ауданының бұрынғы әкімі Нұрғали Байтеміров шартты-мерзімінен бұрын түрмеден босатылды. Бұл туралы «Астрахань-24» хабарлады.
Ресейлік ұлты қазақ әкім 2020 жылғы шілдеде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 1,5 жыл жалпы түзеу колониясында 1,5 жыл отыру жазасына кесілген болатын. Тергеу оның қалауымен 2013 жылғы желтоқсанда «Азаматтарды апатты тұрғын үйлер қорынан көшіру» федералды бағдарламасы шеңберінде бір үйдің заңсыз беріліп кеткенін анықтаған. Атап айтқанда, әкім аудандағы Маячое селосында бір үйді тұрғын жайы апаттылар қатарына жатпайтын бір таныс әйеліне бергіздіріп жіберген. Нұрғали Исмағұлұлы қарауындағыларға осыған байланысты құжат дайындауды тапсырған.
Аталмыш факт бойынша сосын өңірлік федералды қауіпсіздік қызметі басқармасының қызметкерлері іс қозғаған.
Биылғы жылы 67 жестағы бұрынғы аудан әкімі өзін мерзімінен бұрын босату туралы шағым түсірген екен. Трусов аудандық соты сайтының мәліметіне қарағанда, 20 сәуірде материал өндіріске өткізілген. Оны қараған судья Елена Захарова 21 мамыр күні өткен отырыста өтінішті қанағаттандырып, Нұрғали Байтеміровті құлып астынан босатты.