Түркия Израильді жауапкершілікке тартуға шақырып жатыр
АНКАРА. 21 мамыр. Түркия Таяу Шығыс жеріндегі Газа секторында орын алып жатқан шырғалаңға Израиль жауап беруге тиіс деп санайды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
«Түркия Газа секторындағы шиеленістің шарықтауына бірден-бір жауапты ел Израиль деп санай отырып, Еуропа мемлекеттерін оны жауапқа тартуға шақырады», – делінген хабарламада.
Осыған байланысты Түркия премьер-министрі Мевлют Чавушоглу өз дәулетінің позициясын таныта келіп, бәріне ұйытқы болып отырған ұйымдастырушының бірден-бір ел – Израиль екенін атап өтті. «Израиль өзінің жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылмай, өзінің жазасыз қалатынына сенімі жоғалмай, аалдағы уақытта да мұндай трагедиялар қайталана береді», – деді Түркия үкіметінің басшысы.
«Біз сұмдық қылмыстарды көзбен көріп отырып үнсіз қала алмаймыз, себебі, үндемеу – қылмысты жасауға қатысқанмен бірдей», – деп атап өтті ол.