Путин әлдекімдердің тісін ұрып түсіруге уәде беріп отыр
МӘСКЕУ. 21 мамыр. Ресей президенті Владимир Путин әлдекімдер өз елінің территориясын басып алуға әрекет жасаса, оларға аяусыз жауап қайтаратындарын айтты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
«Жұрттың бәрі бізді тістеп алғысы немесе бізден тістеп алғысы келеді де тұрады – бірақ олар бізден тістеп ала алмаулары үшін өздерінің тістерін ұрып сындыратынымызды білуге тиіс, бұған кепіл – дамыған қарулы күштеріміз», – деді Путин.
Оның айтуынша, Ресей қалай күшейе бастайды, оппонентттер бұларға кедергі жасаудың жолдарын ойлап таба қояды.
«Бізге кедергі келтіргісі келетіндерге біз не істемейік, олардың тәбеттерін қанағаттандыруға қалай ұмтылмайық, – бәрібір тосқауыл қою жалғаса береді, себебі, біздің оппоненттеріміздің көпшілігіне Ресей сынды елдің жалпы керегі жоқ. Бірақ ол бізге және біздің адамдарымызға – Ресей Федерациясының азаматтарына қажет», – деді Путин.
Ол сонымен бірге Ресейдің қазір милитаризация жолымен кетіп бара жатпағанын мәлімдеді. Президент биыл Ресейде әскери шығынның 42 миллиард долларды ғана құрайтынын, ал АҚШ-та бұл көрсеткіштің 770 миллиард болып отырғанын еске түсіріп өтті.