87-дегі кейуананы туған қызы мен жиені сабап тастады
ТАШКЕНТ. 6 мамыр. Өзбекстан байтағында тұратын 87 жастағы кейуана кемпір туған қызы мен лдан туған жиенінен кезекті мәрте таяқ жеп, зар еңіреп отыр. Бұл туралы CentralAsia.Uz хабарлады.
Кеше түнде өзбектің әлеуметтік желілері сегментінде таяқ жеп, бет-ауызы, қолдары мен аяқтары қан талап, көгерген кәрі әйел кісі туралы видео тарады. Ташкент ішкі істер департаменті осы инцидентке байланысты түсіндірме жасады.
Мәлім болғандай, қаланың медициналық мекемелерінің бірі болған оқиға туралы ақпарды 26 сәуір күні таратқан. Онда 1934 жылы туған Тоза есімді 87 жастағы қарт кісіні 1983 жылы туған ұл немересі әкеліп жатқызғаны айтылады. Жапа шегушінің айтуына қарағанда, ол 1964 жылы туған қызы мен одан 1989 жылы туған жиені тарапынан ұдайы зорлық-зомбылық көріп, таяқ жеп келе жатыр екен.
Ел байтағы Мирзо Улугбек аудандық ішкі істер департаментіне қарасты қылмыстық істер департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Осыған байланысты сот-медициналық сараптамасы белгіленген.