Малиде тұратын жас келіншек бірден 9 бала тапты
БАМАКО. 6 мамыр. Африканың орталық-батыс қапталындағы Мали мемлекетінде тұратын жас келіншек бірден 9 баланы өмірге келтірді. Бұл туралы әлем БАҚ-тары хабарлады.
Мамырдың 4-і күні 25 жастағы Халима Сиссе «кесіп алу» жолымен 9 баланы дүниеге келтірген.
Әйел 30 наурызда ел байтағы – Бамакодағы клиникаға жатқызылған. Себебі, оның іші шамадан тыс үлкен болған. Кейінірек елдің президенті Ба Ндаудың жарлығы бойынша жағдайы мұндағыдан гөрі жақсылау – Мароккодағы клиникаға ауыстырылған. Келіншек балаларын да осында босанған.
Мали денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі УЗИ-дің әйел құрсағында 7 бала жатқанын көрсеткенін мәлімдейді. Соңыра олардың саны тоғызға жеткен.
Қазіргі сәтте өмірге келген бес қыз, төрт ұлдың жағдайлары жақсы. Олардың аналары да өзін жақсы сезінеді.