Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Бокс: қазақстандық жігіттер 2 алтын медаль жеңіп алды

ВАРШАВА. 23 сәуір. Бүгін Польшаның Кельце қаласында бокстын әлемнің жастар арасындағы VII чемппионаты өзінің мәресіне жетті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Чемпионаттағы қыздар турнирінің финалдық шайқастары кеше болып өтті. Оның қорытындысында Үндістан – 7, Ресей, Өзбекстан және Түркия бір-бірден алтын медаль жеңіп алды. Байқалып тұрғанындай, үндістандықтар финалда түгелдей қарсыластарынан басым түсті. Біздің екі қызымыз – Жұлдыз Шаяхметова да, Дана Дилай да үнді қыздарынан аса алмады. Сөйтіп, 7 алтын медалі бар Үндістан айқын басымдықпен бірінші орынға шықты.

Қазақстандықтардан мұның алдында Жасмин Қизатованың (69 кг), Әсел Сағатова (81 кг), Елдана Тәліпова (+81 кг) қола медальге қол жеткізген еді.

Сонымен, қорытынды кесте былай болып шықты:

  1. Үндістан – 7 – 0 – 0;
  2. Ресей – 1 – 2 – 1;
  3. Өзбекстан – 1 – 1 – 4;
  4. Түркия – 1 – 0 – 0;
  5. Польша – 0 – 2 – 5;
  6. Қазақстан – 0 – 2 – 3;
  7. Молдова – 0 – 1 – 0;

8-9. Франция, Украина – 0 – 1 – 0;

10-11. Таиланд, Италия – 0 – 0 – 2;

12-14. Чехия, Моңғолия, Латвия – 0 – 0 – 1.

Финалдық бәсекелер былайша аяқталды:

48 кг. Гитика (Үндістан) – Наталия Доминика Кужевска (Польша) 5:0

51 кг. Бабырожжана Чану Наорем (Үндістан) – Валерия Линкова (Ресей) 5:0

54 кг. Нигина Уктамова (Өзбекстан) – Кристина Лакинчук (Украина) 4:1

57 кг. Пунам (Үндістан) – Стэлин Гроси (Франция) 5:0

60 кг. Винка (Үндістан) – Жұлдыз Шаяхметова (Қазақстан) RSC 3

64 кг. Азалия Аминева (Ресей) – Мохинобану Абдуллаева (Өзбекстан) 5:0

69 кг. Арундхати Чоудхари (Үндістан) – Барбара Маркинковска (Польша) 5:0

75 кг. Санамача Чану Цохом (Үндістан) – Дана Дидай (Қазақстан) 3:2

81 кг. Бусра Исилдар (Түркия) – Ксения Олифиренко (Ресей) 5:0

+81 кг Тараннум Акрам Патхан (Үндістан) – Дария Козорез (Молдова) 5:0

Бүгін жігіттердің финалдық бәсекелері болды. Онда қазақстандықтар сапынан 49 кг салмақтағы Санжар Тәшкенбай ресейлік Еуропа чемпионы Роберт Бадалянды 4:1 етіп, алтын медальды омырауына ілді. Біздің бағлан 1-раундта-ақ басым түсті. Келесі раунд алма-кезек шабуылмен өтті. Бірақ соның өзінде жалпы есепте Санжар алда тұрды. Соңғы раундта ол тағы да қамшыны басты. Нәтижесінде жеңіске жетті.

Екінші алтын медаль украиналық Бозорбой Матякубовпен айқасқа түскен 64 кг салмақтағы Сабыржан Аққалықовқа бұйырды. Ол қарсыласын еркін ұтты.

Өкінішке орай, осының алдында Ресей құрамасының капитаны, Еуропа чемпионы Евгений Шендрикті жақсы ұтқан 56 кг салмақтағы Ерболат Сабыр үндістандық Сачинге жол беріп қойды. Содан соңғы 60 кг салмақтағы Елнұр Сүйінбай жапон Рейто Цуццимдің аллында әлсіздік танытты. Сөйтіп, бұл екеуі күміс медальді қанағат тұтты. Ал 75 кг салмақтағы Диас Молжігітов қола медаль иегері атанды.

Финалдық айқастар былай аяқталды:

49 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Роберт Бадалян (Ресей) 4:1

52 кг. Шахзод Музафаров (Өзбекстан) – Евгений Жоров (Ресей) 3:2

56 кг. Сачин (Үндістан) – Ерболат Сабыр (Қазақстан) 4:1

60 кг. Рейто Цуцуми (Жапония) – Елнұр Сүйінбай (Қазақстан) 4:1

64 кг. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) – Бозорбой Матякубов (Украина) 5:0

69 кг. Юрий Захариеев (Украина) – Чурав Ашалаев (Ресей) 4:1

75 кг. Михаил Усов (Ресей) – Илья Тогобицкий (Украина) 5:0

81 кг. Василий Каверин (Ресей) – Петар Лижевич (Черногория) 4:1

91 кг. Хорхе Луис Фелимон (Куба) – Якуб Страшевски (Польша) 5:0

+91 кг. Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) – Ованес Папазян (Армения) RSC 3.

Сонымен, қорытынды кесте былай болып шықты:

1. Ресей – 2 – 3 – 2

  1. Қазақстан – 2 – 2 – 1
  2. Өзбекстан – 2 – 0 – 2
  3. Украина – 1 – 2 – 2
  4. Үндістан – 1 – 0 – 3
  5. Куба – 1 – 0 – 2
  6. Жапония 1 – 0 – 0

8-10. Черногория, Польша, Армения – 0 – 1 – 0

  1. Болгария – 0 – 0 – 2

12-15. Әзербайжан, Италия, Қырғызстан, Моңғолия – 0 – 0 – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button