Елордада нөсер кәріздерінің жұмысына тексеру жүргізілді
НҰР-СҰЛТАН. 1 сәуір. Бүгін «Сапалы жол» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Алматы ауданы әкімі аппаратының өкілдерімен, сондай-ақ қоғам өкілдерімен бірлесіп, Кирпичный шағын ауданындағы нөсер кәріздерінің жағдайына мониторинг жүргізді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Жүргізілген мониторинг барысында еріген судың болуына және асфальтбетон жабынының бұзылуына байланысты жол жабынының сапасына әсер ететін тазарту құрылыстарын күтіп ұстау бойынша мердігерлік ұйымдардың сапасыз жұмыс істеу фактісі анықталды.
«Кирпичный» шағын ауданы аумағындағы тазарту құрылыстары қала балансына берілмегенін атап өту қажет.
Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша Алматы ауданы әкімінің аппаратына анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және мердігерлік ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейту ұсынылды.
Сонымен қатар, «Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджерлері жол жабынының ақауларын анықтау мақсатында қала көшелерін аралауды жүзеге асырды, оның шеңберінде жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін жолдардың проблемалық учаскелері тіркелді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.