Исландияда апта ішінде 20 мыңнан аса зілзала тіркелді
РЕЙКЬЯВИК. 7 наурыз. Аралдағы Исландия елінде өткен апта ішінде 20 мыңнан аса мәрте ірілі-ұзақты жер тербелісі орын алды. Бұл туралы «Профиль» хабарлады.
«Исландияда сейсмикалық белсенділіктің жоғарылай түсуі мұндағы вулкандардың атқылауына апарып соқтыруы мүмкін», – дейді ғалымдар.
Ақпанның 24-і күні Рейканес түбегіне жақын жерде қуаты 5,7 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Оның тербелісін астаналық қала – Рейкьявик тұрғындары да сезінді.
Live Science хабарлағандай, Исландия метереологиялық бюросы апта ішінде 20 мыңнан аса тербелісті жазып алған. Бірақ олардың барлығының дерлік күші азын-аулақ болған, тек ек сілкініс ғана 5.0 балдан асып кеткен.
Исландия университетінің вулканология жөніндегі профессоры Торвальдур Тордарсон «The New York Times» газетіне берген сұхбатында «алаңдайтын ештеңе жоқ» екенін айтады. Оның сөзінше, сілкіністер салдарынан зардап шеккен ешкім болған жоқ, оның эпифентрі Рейкьявиктен қашықта болған.
Ғалымдар сонымен бірге Исландияның түстігіндегі вулкандардың бірі жақын апталарда бұрқылдап атқылай бастаса, оның зардаптарын бақылауда ұстаудың мүмкін болмай қалатынын да айтып отыр. Тордарсонның айтуынша, бұл жанартаулардың белсенділіктері шамамен әрбір 800 жылдан кейін ғана білініп тұрған. Ал соңғы атқылаулар XI- XIII ғасырлар арасында өтіпті.
Вулканолог Дэйв МакГарви өзінің «The Conversation» газетіне берген сұхбатында ендігі болатын ықтимал жанартау буырқаныстарының Исландия тұрғындары үшін орны толмас қасірет әкелуі мүмкін екенін жеткізді.