Қырғызстанда ісіне сай еместігінен қаржы полициясы жойылды
БІШКЕК. 5 наурыз. Қырғызстанда Экономикалық қылмыспен күрес мемлекеттік қызметі (қаржы полициясы) жойылды. Бұл туралы K-News хабарлады.
Қырғызстан премьер-министрі Улукбек Марипов Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Экономикалық қылмыспен күрес мемлекеттік қызметін (қаржы полициясын) жою жөніндегі шешімге қол қойды.
«Ресми мәліметтерге сәйкес, елдегі көлеңкелі экономиканың деңгейі 130 млрд сомды немесе ішкі жалпы өнімнің 23 пайызын құрайды, ал тәуелсіз сарапшылар көлеңкелі экономиканың ішкі үлесі ішкі жалпы өнімнің 24-тен 43 пайызға дейігі аралығын алатынын айтады. Мұның өзі Экономикалық қылмыспен күрес мемлекеттік қызметінің өз функциясын тиісті дәрежесінде атқаа алмай келе жатқанын көрсетеді», – делінген хабарламада.
Бұдан басқа, тәуелсіз сарапшылар мен бизнес қауымдастығы өкілдері тарапынан Экономикалық қылмыспен күрес мемлекеттік қызметінің жемқорлыққа шырмалғанын білдірген, сондай-ақ кәсіпкерлік ісіне заңсыз араласқан сәттері жиілігін айтқан шағымдар өте көп болды.
Осылардың бәрін екшелей келіп, Үкімет жемқорлық былығына түсіп кеткен органды таратқанды жөн көрді.