Хорватия жерін түсініксіз шұңқырлар жұтып жатыр (видео)
ЗАГРЕБ. 5 наурыз. Хорватия елінің орталық бөлігін жер астында пайда болған белгісіз де қауіпті терең шұңқырлар басып барады. Бұл туралы euronews хабарлады.
Мұндай шұңқырлар деревнаялардың маңынан табылып, тұтас бір ойма алаңдарды құрай бастады. Көздері көргендер олардың жақында болған жер сілкінісінен кейін байқалғанын айтады. Ғалымдар қазір жүзден асып кеткен ойма шұңқырлардың көптігіне таң қалып отыр.
Жергілікті жұрт шұңқырлардың күнде табылып жатқанын да алға тартады.
Радойка Видович, Бороевичи деревнясының тұрғыны:
«Олар зілзаладан кейін пайда болды. Сол жолы нөсер жауын құйып кетіп, жағдайды одан бетер ушықтырып жіберді.Айнала көлкіген судың астында қалды.
«Это произошло после землетрясения. Тогда шли проливные дожди, что еще больше ухудшило положение. Вода стояла кругом».
Ойма шұңқырлар әдетте әктің қалдығына бай жерлерде болатын құбылыста еді. Бірақ олардың көбею жылдамдығы тіпті қатты таң қалдырады. Кейбір шұңқырлар тұрғын үйлердің астарынан да шығып жатыр. Сондықтан оларда тұратын отбасылар жан-жаққа көшіп кетуде.