Түрікменстанда бір үйдің 7 баласы өрттен қаза тапты
АШХАБАД. 4 наурыз. Түрікменстанның Дашогуз Дашогуз уәлаятының Бамылы ауылында орын алған өрт кезінде бір үйдің жеті бала қазаға ұшыралды. Бұл туралы «Turkmen news» хабарлады.
Аянышты оқиға биылғы 23 ақпан күні болған. Сол күні үйдің отағасы Дидар Чарыев әйелі мен екі баласын ертіп, көрші ауылдағы бір туысына қонаққа барады. Ал үйде мектеп жасындағы жеті баласы өздерімен өздері қалады. Кешкі сағат 10-ның шамасында үйден өрт шығады. Сол уақытта баспанадан шығып үлгермеген жеті бала да түтінге тұншығып, қайтыс болады.
Жергілікті «Dashoguz.live» сайтының мәліметінше, аудандық хокимят шаңырағы ортасына түскен отбасына уақытша баспана беріпті. Ал ауылдастары көптеп-көмектесіп, өз жәрдемдерін ұсынып, қолдау көрсеткен.
Прокуратура тергеу жүргізуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі газбен жылытудың ақаулығы немесе оны пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы болды.
Оппозиция жетекшісі Халмурад Союновтің YouTube-арнасында Дидар Чарыевпен және оның әйелімен әңгімелескен видеосы жарияланды.