Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Францияның экс-президенті нақтылы мерзімге сотталды

ПАРИЖ. 2 наурыз. Париж соты дүйсенбі күні Францияның бұрынғы президенті Николь Саркозиге жемқорлық айыбымен нақтылы мерзімге түрмеге отыру жазасын кесті. Бұл туралы Interfax.ru хабарлады.

Сот процесінде прокуратура Саркозиді төрт жыл мерзімге түрмеде отыруға соттауды сұрады. Ал сот оны үш жылға соттады, мұның бір жылы түрмеде отыруға арналса, қалған екі жылы шартты болып саналады.

Францияны 2007-2012 жылдары президент болып басқарған Саркози процесс барысында өзіне таңылған айыптарды мойындаудан бас тартты. Бұл француз еліндегі бұрынғы мемлекет басшысының ел басқарған кезіндегі жемқорлыққа қатысты істерін қарап, талқылап, оны түрмеге аттандырған бірінші процесс болды.

Аталмыш іс бойынша Саркозидің адвокаты Тьерри Эрзог пен кассациялық соттың бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Жильбер Азибер жауапқа тартылып жатыр. Оларға осы жемқорлық келісімге қатыстары бар деген айып тағылды.

Негізінде, 66 жастағы Саркозиге 2014 жылы саясатқа қатысты тексеру жұмыстары жөнінде Азиберден заңсыз жолмен ақпар алуға әрекет жасады деген кінә қойылған. Онда экс-президенттің 2007 жылғы президент сайлауы кезінде L’Oreal компаниясының негізін қалаушының қызы, әлемдегі ең бай әйелдердің бірі Лилиан Беттанкурдың оған демеушілік көмек көрсету жайы қаралап жатқан.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button