НАТО бас хатшысы Ресеймен соғысқа дайын екенін мәлімдеді
БРЮССЕЛЬ. 17 ақпан. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг блоктың Ресеймен өзара қарым-қатынас жасасуға да, онымен текетіреске баруға да даяр екенін мәлімдеді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Агенттік хабарлағандай, мұны испанның «El Mundo» газетіне берген сұхбаты кезінде айтқан. Ол альянстың қазіргі таңда Ресеймен позитивті байланысқа да, негативті әрекеттерге қатар дайын екенін ашық білдірген.
«Егер Ресей бізбен қақтығысқысы келсе, бір оған дайынбыз. Егер ынтымақтасқысы келсе, оған тек қуанамыз», – деді ол журналистермен әңгіме кезінде.
Столтенбергтің айтуынша, НАТО Ресеймен диалогты нақты дабылдарды байқата отырып, барынша қатқыл үнмен жүргізуі тиіс. Тіпті блокқа мүше елдер Мәскеумен арадағы қатынасты титтей де жақсартудың мүмкіндігін байқай алмай тұрған кездің өзінде өзара әріптестік үшін мүмкіндік беретін маңызды байланыс пен қарым-қатынасты сақтап қалудың әлеуеті зор.
15 ақпанда Столтенберг НАТО-ның Ресей Федерациясы шекарасындағы қызметті күшейтуді жоспарлап отырғанын айтты: Ресейді тежеу үшін көп қаражат керек.